RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ саласындағы отандық жобалар таныстырылды

18.07.2025, 09:20 577

Астанада жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бес бірдей жобаның таныстырылымы өтті. Оны Назарбаев университетіне қарасты Ақылды жүйелер мен Жасанды интеллект институтының мамандары әзірлеген.  «Ойлан», «Мәңгі-сөз», «Тіл-синк», «Бейнеле» және «Мәңгі-тас» деп аталатын жобалар үш тілде жұмыс істейді.

Басты ерекшелігі – қазақ тілінде сапалы мағлұмат бере алады. Мәселен, Ойлан жобасы қолданушыларға латын қаріпінде жауап бере алады. «Мәңгі-сөз» жүйесі аудионы 4 тілде дыбыстап, аударуға бейімделсе, «Тіл-синк» нақты уақытта, субтитр және аударма құралы ретінде жұмыс істейді. Ал «Бейнеле» жобасының мәтіндік сұраныс арқылы визуалды контент жасауға мүмкіндігі бар. «Мәңгі-тас» жүйесі арқылы, жасанды интеллект мүмкіндіктерін мектептерде және мемлекеттік мекемелерде пайдалануға жол ашылмақ.

Ербол Әпсалямов, ISSAI атқарушы директоры:

- Жылдың аяғына дейін біздің жоспарымыз – мультимоделді жасау. Яғни ол ауди, мәтін, сурет, бейне арқылы да жұмыс істей алады. Осы күнге дейін 120-дан астам ғылыми-зерттеу мақала жаздық. Барлығы дүниежүзілік танымал конференцияда жарияланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz