RU
Толық нұсқаға өту

Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды. LIVE

18.07.2025, 17:20 497

Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім оқылды. Ол әйелі Карина Госманға үнемі күш көрсетіп, жұбайының әпкесіне қол көтергені белгілі болған еді. Бүгінгі сот ашық режимде өтті.

Серік Селеубай, тілші:

- Иә, бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш бұрынғы жұбайы Карина Госманды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр мамыр айында Сәкен Мамаштың әйелі дипломаттан 10 жыл бойы физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көріп келгенін мәлімдеген болатын. Ол әлеуметтік желіге видеоүндеу мен көгерген жерлерінің суреттерін қоса жариялады. Нәтижесінде Сыртқы істер министрлігі оны Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарып, полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы, яғни «азаптау» бойынша іс қозғады. Биыл сәуірде Сәкен Мамаш ұсталды. Соттың кей бөлігі ашық, кей бөлігі жабық режимде өтті. Ал былтыр қазанда Карина Сәкен Мамашпен ажырасып, фамилиясын ауыстырды.  Сотталушы 15 тәулік ішінде үкімге аппеляциялық тәртіпте шағымдана алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz