RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда қоймада болған өрт толық сөндірілді

21.07.2025, 15:40 492

Қазір оқиға орнында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері тексерулерден кейін белгілі болады. Еске сала кетсек, бүгін таңертең Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма өртенді. 

Қызыл жалын 500 шаршы метрді шарпыған. Шұғыл жеткен өрт сөндіру қызметі мамандарының көмегімен тілсіз жау 1 сағат 17 минутта сөндірілді. Оқиға орнына 18 техника мен жеке құрамның 60-тан астам өрт сөндірушісі жұмылдырылды.

Бағдат Шайзада, ТЖД бастығының бірінші орынбасары:

- Жеке құрамның жедел іс-әрекеті мен шығыс, батыс және солтүстік жақтағы қоймаларға өрттің таралуына жол бермей, сонымен қатар оңтүстік жағында орналасқан теміржол вагондарын лезде алып тастаған болатын. Жалпы қоймаларда краскалар, сонымен қатар әртүрлі тауар, материалдық құндылықтар орналасқан еді. Жеке құрамнан және басқа адамдардан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт толығымен жойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz