RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда 102 отбасы арнайы есепте тұр

21.07.2025, 18:33 331

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 67 қылмыс тіркелген.

Алайда зардап шеккендердің көбі арызын қайтып алуына байланысты біраз іс қысқартылған. Полицияның мәліметінше, отбасындағы ұрыс-жанжалға қатысты күніне 5-6 шағым түседі. Алты айда 1200 рет  шақырту болған. Зорлық-зомбылық әрекеті жиі қайталанатын 102 отбасы есепке алынды. Қоғамдағы осы өзекті мәселе «Отбасындағы зорлық-зомбылық — бала болашағына қауіп» деген тақырыппен өткен жиында талқыланды. Шараға тәртіп сақшылары, әлеуметтік қызметкерлер, білім беру жүйесі және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар отбасындағы зорлық-зомбылықты дер кезінде анықтау, жәбірленушілерге көмек көрсету, агрессорлармен жұмыс істеу және балаларды қорғау шаралары туралы айтты.

Камила Қылышаева, қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

- Жалпы осы бойынша 67 қылмыс тіркелді. Оның 59-ы татуласуына байланысты қысқарды. Туыстардан, көршілерден ұят болады дегеннен жауапкершілікке тартудан бас тартып, бізге жауапкершілікке тартпауын сұрап арызданып жатады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz