RU
Толық нұсқаға өту

Прокурор сотталушы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Live

22.07.2025, 13:00 365

Прокурор сотталушы Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жыға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бүгін сот отырысының жарыссөзі жүріп жатыр. Дәл қазір осы алаңда әріптесім Кәмшат Мұхамеджан да жүр. Жағдайдың мән-жәйін өзінен сұрап білейік.

Ел елеңдеп күтіп отырған атышулы іс те соңына таяп келеді. Бүгін процесстің жарыссөзі  жүріп жатыр. Ең алдымен қос Мемлекеттік айыптаушылар сөз алды. Мадина Оразалина сотталушыларға қандай айып тағылғанына тағы бір тоқталып өтті. Ақпарынша, 2021 жылдан 2025 жылға дейін Перизат Кайрат пен анасы бірге 3,5 миллиард теңгеден астам қаражатты иемденген. Бұл ақша олардың шалқып өмір сүруіне жұмсалған  көрінеді. Нақтырақ айтсақ,  Элиталық көліктерді тізгіндеуіне, бес жұлдызды қонақүйдегі демалыстары мен бас қаладан бірнеше пәтер алуына кеткен  екен.  Қомақты қаржы халықтың қиын жағдайда қалған азаматтарға жолданған жәрдемі екені айтылды. Берілген садақа мансап құралы емес. «Халықтың сенімі – әмиян да, бренд те емес, бұл – аманат» , -  деп түйіндеді сөзін прокурор. Ал өз кезегінде прокурор Арман Кезекен күдіктілерге келесі жаза мерзімдерін тағайындауды ұсынды: Перизат Қайратты – 10 жыл, анасы Ғани Алашбаеваны – 8 жылға  бас бостандығынан айыру жазасына кесуді ұсынды. Мұнымен қоса, прокурорлар айыпталушылардың қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді талап етті. Бұл қаражат жәбірленушілерге беріледі. Сонымен қатар, қылмыстық істе жазаны жеңілдететін мән-жайлар жоқ екенін алға тартты. Керісінше, жазаны ауырлататын жағдайлар бар деп есептейтіндерін айтты. Менде әзірге бар ақпарат осындай. Келесі шығарылымдарда тың деректермен бөлісетін боламын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz