Шымкентте құмар ойынға құныққан мемлекеттік қызметшілер жұмыстан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ. Олар 443 миллион теңгені бәс тігуге жұмсаған. Прокурорларға жергілікті атқарушы органдағы 50 қызметкердің ресми табысы мен шығыс көзін тексеруге нұсқау берілді. Талдау қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің былтырдан бері құмар ойындарға 757 миллион теңге бәс тіккені белгілі болды. Тәртіптік жаза тағайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Жауапты органдар қаражат қайдан алынғанын анықтап жатыр.
Бекжан Құлатаев, қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары:
- Талдау барысында жалпы жергілікті атқарушы органның 161 қызметкері интернет желісі арқылы «Олимпбет» тотализаторына бәс тігіп, қатысқаны анықталды. Оның ішінде 50 қызметкер заң қолданысқа енгеннен кейін 443 миллион теңге бәс тіккен.
Тегтер #Шымкент #мемлекеттік қызметшілер #құмар ойындар #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz