Семейде қала ішіндегі көлік ағынын азайту мақсатында айналма жол салынады, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жолмен жыл сайын 700 мыңнан астам көлік жүйткиді.
Жоба 2030 жылға дейін көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асады. Сондай-ақ халықаралық қаржы институттарымен бірлескен маңызды жобалардың қатарына енгізілді. Өңір басшысы мен қытайлық компанияның бас директоры автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды. Жаңа айналма жолдың салынуы облыстың логистикалық әлеуетін арттырып, шаһардағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс әкімі тиісті жұмыстардың 2028 жылға дейін аяқталатынын айтты.
Берік Уәли, Абай облысының әкімі:
- Биыл тамыз – қыркүйек айларында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Қазан – қараша айларында жолдың алдын ала жобасы жасалып, көпірлер әкімдікпен келісіледі. Сондай-ақ қараша – желтоқсан айларында жұмыс жоспары, құрылысқа дайындық әкімдікпен келісіледі. Содан кейін Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысы басталады.
Тегтер #Семей #айналма жол #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz