Қытайда пранк жасаймын деп жұрттың ашуын тудырған алматылық блогер халықтан кешірім сұрады. Желіге жүктеген бейнелердің бірінде ол серігінің қалтасынан ұялы телефонды алып, оны өтіп бара жатқан Қытай азаматтарына ұстатып жібереді. Артынша смартфонын ұрлап кеткенін айтып, жаңағы адамға нұсқайды. Бұрымдының бұл әрекеті жұрттың ашуына тиді. Елге оралған соң Алматылық полиция қызметкерлері онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Блогер Аружан Айбек өз кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады.
Аружан Айбекова, блогер:
- Мен Қытайда түсірген видео жайлы бәрінен кешірім сұрағым келеді. Мен өз қатемді түсіндім. Ол жақта түсірген видео ешқандай да біздің елді жамандау мақсатында түсірілген жоқ. Барлығы әзіл ретінде түсірілді. Енді мұндай видео түсіретін кезде ойланып түсіремін.
Тегтер #Алматы #блогер #пранк #24KZ #Қытай #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz