Жамбыл облысы Шу ауданындағы ТМК магистралының бойына су есептеуіш құрылғылар орнатылды.
Жаңа құрылғы су арнасының К1 және Дала-қайнар тармақтарының тұсына қойылды. Ол су ағыны мен көлемін автоматты түрде есептеп, диспетчерге жолдап отырады. Сондай-ақ, төңіректі тұтас бақылайтын 360 градустық бейнекамералар орнатылды. Бұл жүйе су шығындарын есептеп, тіршілік көзін қажетті арнаға бұруға көмектеседі.
Бекали Қызылов, Тасөткел су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы:
- Электронды болғандықтан монитордан қарап отырамыз. Минутына қанша кетіп жатыр, күніне үш рет, төрт рет «замер» береді. Шаруаққожалықтарына да тиімді нәрсе, су деңгейін бір қалыпты ұстап тұрады. Бейнекамералар қойылды 360 градус. Келген адамның бәрін видеоға түсіреді және қоршау қойылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылғы #суPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz