Энергетика министрлігі саланың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында бірнеше цифрлық жобаны қолға алды. Атап айтқанда, жанар-жағармай-энергетикалық кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі әзірленді.
Ол нысандарды жылу және электрмен қамтамасыз етуді онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнай тасымалын жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі де жасақталды. Жұмыс тиімділігін арттырып, шығындарды азайту үшін және жеткізу сапасын жақсарту мақсатында мұнай компаниялары мұны кеңінен қолданып келеді. Алдағы уақытта аймақтағы апаттардың алдын алып, энергия тапшылығын болжау үшін министрлік платформаны одан әрі дамытып, оған жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отыр.
Берік Әбдиев, ҚР ЭМ Оқиғалық-аналитикалық орталығының төрағасы:
- 2029 жылға дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны іске асыру жоспарлануда. Онда цифрландыруға қатысты бірқатар іс-шаралар көзделген. Яғни өңірлерді, табиғи монополия субъектілерін, ұлттық операторларды, тұрғын үй кешендерін және әлеуметтік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз ету, нысандарын есепке алу цифрландыру көзделіп отыр. Келешекте елдегі апаттар мен энергия ресурстары тапшылығын болжау үшін жасанды интеллектіні қолдануды да жоспарлап отырмыз.
Тегтер #Таңдаулы #энергетика саласы #жасанды интеллект #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz