Оқушылар жасанды интеллект бойынша Халықаралық олимпиадаға барады. Қазір AI Olymp бойынша іріктеу кезеңдері аяқталып, ұлттық құрама жасақталды. Оған 9 бен 12 сынып оқушылары арасындағы 700-ге жуық үміткер қатысып, ең мықты деген 12 бала таңдап алынды.
Олар тамыз айында Бейжіңде өтетін халықаралық олимпиадада бақ сынайды. Сол арқылы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытатын болашақ мамандарды даярламақ.
Әлібек Сайланбаев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары:
- Оған қоса тағы біз министрлік мемлекеттік қызметшілерге арналған ЖИ курсын бастадық. Мамыр айында бастадық. Қазір 16 мыңнан астам мемқызметші курстарды өтті. Жоспар бойынша осы жылдың аяғына дейін 30 мыңдай мемқызметші осы курстан өте деп ойлап жатырмыз.
Тегтер #жасанды интеллект #халықаралық олимпиада #оқушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz