Үкімет медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес Премьер-министр денсаулық сақтау мекемелеріндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша жиын өткізді. Жалпы 2019 жылдан бері дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер мен басқа да сала қызметкерлеріне 170-тен аса шабуыл жасалған.
Осыдан соң дәрігерлерге күш қолдануды құқық қорғау органдары мамандарының жеке басына қауіп төндірумен теңестіру мәселесі көтерілді. Медицина қызметкерлеріне смарт-бейнежетондар беріп, ауруханаларда кешенді күзет жүйелерін енгізу де өзекті. Ал, қабылдау бөлімшелерінде тәулік бойы полиция бекеттерін орналастыруды көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірлеу басталған. Олжас Бектенов мұндай оқиғаларды құқықтық әдістермен қатаң түрде тоқтату керек,-деді. Сосын денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктері он күнде қызметтік міндетін атқару кезінде зорлық-зомбылық жасағандарға қылмыстық жаза қарастыру бойынша заңнамалық түзетулер енгізуді тапсырды. Ауруханалар мен перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлмелерінде тәулік бойы полиция бекеттері қойылған. Барлығы 115 денсаулық сақтау нысаны қорғауға алынды. Маршруттық патрульдер тиісті мекемелерге жақын орналастырылған.
Тегтер #Таңдаулы #Президент тапсырмасы #медицина қызметкерлері #жазаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz