RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстаудың Құрық ауылында мектеп-гимназияның шатыры опырылып түсті

23.07.2025, 19:26 378

Маңғыстау облысының Құрық ауылында мектеп-гимназияның шатыры мен төбесі опырылып түсті. 

Ғимаратта орнатылған бейнекамералардан таңғы 06:30-да жиналыс залының жоғары бөлігі құлағанын көруге болады. Бүліну аумағы 250 шаршы метр. Оқыс оқиға кезінде мектепте ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Білім нысаны 2009 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 1400 бала оқиды. Оқыс жәйт себептерін арнайы комиссия анықтайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz