Шымкентте жер сілкінісінің зардаптары жойылды.
Төтенше жағдайлар қызметінің республикалық командалық штабының оқу-жаттығуы зілзала кезіндегі щұғыл әрекеттерді пысықтауға негізделді. Жаттығу кезінде түрлі құрылымдар мен күштердің өзара іс-қимылы мен үйлесімділігі бағаланды.
Азаматтық қорғаныс қызметтері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері «Жер-2025» атты ауқымды оқу-жаттығудың алғашқы кезеңіне кірісті. Барлық құрылым толық жауынгерлік дайындық жағдайында тексерілді. Жедел штабтар құрылып, 4 мыңнан астам адамды қабылдайтын шатырлы қалашықтар тұрғызылды.
Айдын Кәрімов, қала әкімінің орынбасары:
- Сейсмикалық оқу-жаттығулардың көмегімен төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірін сақтау, зардаптарды азайту және құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсат етіледі. Сондықтан ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені өткізілді.
Жалпы Шымкент бойынша жер сілкінісінің жалпы ықтималдығы 7-8 балға дейін жетуі мүмкін. Сол себепті зілзала кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету үшін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының арнайы күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Рамиль Камалов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
- Ең маңыздысы шағын аудандардың аралығын дұрыс жоспарлап, аймақтарға бөлуді жүйелеу керек. Жаңадан тұрғызылатын нысандар құрылыс нормаларына толық сай болуы үшін ғылыми негіздерді пайдаланған дұрыс. Бұл жоғары сейсмикаға төтеп беруді қамтамасыз етеді.
Оқу-жаттығу аясында заманауи техникалар көрмесі ұйымдастырылды. Төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын дрондар мен жауынгерлік жарақтар таныстырылд.
Ирисмат Махмудов, қалалық ТЖД басқарма бастығы:
- Шымкент қаласында 10 өрт сөндіру бөлімі бар және құтқару жасағы бар. Арнайы өрт сөндіру техникасы және құралдарымен 100% қамтылған. Қосымша тағы 5 өрт сөндіру депосы соғылады.
Оқу-жаттығу екі күнге созылады. Құтқарушылар апат кезінде адам шығынын азайтуға әрекет етіп, медициналық-психологиялық көмек көрсету жұмысын жүйелейді.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы
Тегтер #Шымкент #оқу жаттығу #төтенше жағдай қызметі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz