RU
Толық нұсқаға өту

Жұмысшы жастар баспанамен қамтылады

24.07.2025, 13:46 364

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастардың баспана алуға қолжетімділігін арттыру үшін 220 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаржы «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй жобаларын жүзеге асыруға бағытталды. Соның арқасында бес жарым мың адам баспанаға қол жеткізген. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол биыл жұмысшы жастарды қолдау мақсатында «Наурыз жұмыскер» атты бағдарлама іске қосылғанын айтты. Бұдан бөлек облыстарда жас мамандарға арналған ипотекалық бағдарламалар да қолға алынған. Бұл бастамалар жастарға үйлі болуға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Үкімет осындай қолдау шараларын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz