RU
Толық нұсқаға өту

Ауылдарда 500-ден астам медициналық мекеме салынды

24.07.2025, 15:15 373

Ауылдарда денсаулық сақтауды жаңғырту аясында елімізде 500-ден астам медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін елде тағы 140-тан астам ауылдық амбулаториялар мен медициналық пункттер іске қосылады. 

Бұл жайында Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Қазір елде Президент тапсырмасына сай "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қазір өңірлерде заманауи медициналық мекемелер бой көтеріп, біразы жаңғыртудан өтіп жатыр. Осы жұмыстардың арқасында жыл сайын ана мен бала өлімі төмендеп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсаруда - дейді, вице-премьер.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz