RU
Толық нұсқаға өту

П. Қайрат ісінде жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр

24.07.2025, 15:40 337

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Тараптардың жарыссөзінде тағы 20-дан астам жәбірленушіден жауап алынды. Олардың барлығы - қайырымдылық қорына қомақты қаражат аударған тұлғалар.

Мәселен, түске дейінгі отырыста ФортеБанк-тің маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким жәбірленуші ретінде сөз сөйледі. Ол өз атынан қайырымдылық қорының шотына 500 мың теңге қаржы аударған. Жауап берген басқа да тұлғалар жазаға қатысты прокурордың ұстанымын қолдайтындығын жеткізді. Ал, айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының жарыссөзі жабық форматта жүргізілмек. Бұл туралы  сот төрағасы Санжан Кәрімов мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz