RU
Толық нұсқаға өту

Жыл басынан бері 780 км канал тазартылды

24.07.2025, 18:53 297

Жыл басынан бері елдегі 780 шақырым канал құм-топырақтан тазартылды. Биыл жалпы ұзындығы 2011 шақырым каналды тазалау жоспарланып отыр.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, қазір шаруа қожалықтарын сумен тұрақты қамтамасыз ететін 517 гидротехникалық нысанды жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы кезге дейін 78 нысан жөнделді. Барлық жұмыс жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Сондай-ақ “Қазсушар” мекемесінің филиалдарын қажетті техникамен толық жабдықтау көзделген. Бүгінде жоспардағы 757 техниканың 524-і жеткізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz