Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті газ тасымалдау компаниясындағы 168 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады. «Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамында болған іс бойынша тергеу толық аяқталды.
Газ тасымалдаушы компания қызметкерлері тұтынушылардан түскен қаржыны өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты «SymphonyGAS» жүйесінде жасырып келген. Осылайша, компания директоры мен оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушыдан тұратын топ екі жыл ішінде тұтынушылар төлеген қаржыны заңсыз иемденіп келген.
Салтанат Көшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:
- Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне, тұрғын үй, пәтер және автокөліктеріне тыйым салынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Тегтер #Қаржылық мониторинг агенттігі #тергеу #жымқыру #АлматыгазсервисХолдинг #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz