RU
Толық нұсқаға өту

Республикалық және облыстық маңызға ие жолдарға қауіпсіздік торы орнатылып жатыр

24.07.2025, 20:30 405

Шығыс Қазақстан облысында көліктердің жол үстінде жылқы мен сиырды қағып, апатқа ұшырауы көбейіп барады. Биылдың өзінде 11 мал қағу дерегі тіркелді. Салдарынан бір адам көз жұмып, 15-і жарақат алды. Осыған байланысты республикалық және облыстық маңызға ие жолдар бойына қауіпсіздік торы орнатылып жатыр.

Сонымен қатар жол қызметкерлері шаруа қожалықтарын аралап, малға тағатын жарқырайтын таспа таратуға кірісті. 

Нұржан Жаңабаевтың мал шаруашылығымен 25 жыл бойы айналысады. Ол қараусыз жайылған төрт түліктің қандай келеңсіздікке әкелетінін жақсы біледі. Былтыр отардан бөлініп қалған 12 бас қойын көлік қағып кеткен. Сол кезде мал иесі 3 млн теңге шығынды өтеді.

Нұржан Жаңабаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Өзім таң қалдым, бір тиген соң, ары қарай тежегішті басу керек қой, анау 12 қойды кәдімгідей бөліп тастады Аяғында өзім кінәлі болдым. Малға ие болмадың деген.

Сондықтан кәсіпкер жол қызметкерлері таратып жүрген жарқырауық таспаны қуана қабылдады. Арнайы таспа түнде жарық беріп, көлік жүргізушілерінің назарына бірден түседі. Бұдан бөлек «ҚазАвтоЖол»  жұмысшылары жол бойына шектеу торын құрып жатыр. Ол үшін ең қауіпті учаскелер таңдалған. Арнайы таспа түнде жарық беріп, көлік жүргізушілерінің назарына бірден түседі. Бұдан бөлек «ҚазАвтоЖол»  жұмысшылары жол бойына шектеу торын құрып жатыр. Ол үшін ең қауіпті учаскелер таңдалған.

Еркін Итжанов, жол қызметінің өкілі:

- Өткен жылдары көлік оқиғалары болған жерлерді, көп мал соғылған жерде осындай сеткаларды қоямыз деп шештік.

Қауіпсіздік  құрылғысы алдымен  көлік ағыны көп Ұлан ауданына қойылып жатыр.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Темір тордың жыртылмай құламай, бүлінбей тұруын сол маңдағы шаруашылық иелері қадағалауға дайын. «Мал мен жан амандығы үшін мұндай жауапкершіліктен бас тартпаймыз», - дейді олар. Мінеки, ана Айыртау ауылынан өріген мал енді  мына  жолға шыға алмайды, мұнда 1 шақырымнан астам   тор тартылған.

«Әсіресе Ұлан, Самар, Тарбағатай, Зайсан  аудандарында иесіз малды қағып кету оқиғасы көп тіркеледі», - дейді тәртіп сақшылары.

Динара Мұратова, ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Уақытша мал қамау орныдары орнатылған,осы орындарда жыл басынан бері 4 мың мал қамалған. 1500-ден астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алдағы уақытта осындай шектеу құрылғысы Өскемен мен Семейдің арасындағы қауіпті учаскелерде де пайда боалды. Жалпы биыл 22 шақырым тор құру жоспарланған.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz