Алматыда «Жер-2025» оқу-жаттығуы кезінде халықты хабардар ету үшін дабыл жүйесі іске қосылып, радио мен телеарналар арқылы хабарландыру берілді. Шартты түрде жер сілкінісінің зардабын жою жұмыстары пысықталды.
Атап айтқанда құлаған тұрғын үйлердің астында қалғандарды құтқару шаралары жүргізілді. Мәселен, жедел мақсаттағы «Оңтүстік» базасына апатты жағдай кезінде 50 мың адамды орналастыруға болады. Шатыр мен жатын орын жеткілікті. Құтқарушылар шартты түрде үйінді астында қалған адамдарды шығарып алып, далалық госпитальға жеткізді. Ал тағы бір қала іргесінде орналасқан өндіріс орындарының бірінде жойқын жер сілкінісінен соң аммиак құйылған ыдыс бүлініп, улы зат сыртқа төгілген. Мамандардың айтуынша аммиакты тек қана сумен басу керек. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары судан перде жасап, улы заттың ауаға тарап кетпеуін қамтамасыз етті.
Есбол Сұлтанов, қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:
- Қала аумағында осыған ұқсас 4 химиялық қауіпті объекті бар. Жалпы айта кететін болсақ, бұл объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіліп жатыр. Соның ішінде жаппай адам жиналатын орындарда онда төтенше жағдайларынының қызметкерлерімен Алматы қаласының еріктілері үгіт-насихат жүргізіп жатыр.
Тегтер #Алматы #дабыл жүйесі #оқу жаттығуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz