RU
Толық нұсқаға өту

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Мансап компасы» сайты іске қосылды

25.07.2025, 15:44 609

Мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін арнайы платформа құрылды.

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. Асқар Биахметовтың сөзінше, «Мансап компасы» сайтында  қазірдің өзінде 744 сұранысқа ие мамандық туралы ақпарат жинақталған. Мәселен, онда оқу орындарының бағдарламалары, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, аймақтардағы орташа жалақы туралы деректер бар. Сондай ақ Жұмысшы мамандықтары жылы аясында платформада жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларын кәсіби диагностикадан өткізу мүмкіндігі бар.

Асқар Биахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Мансап компасының базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 оқушыларын кәсіби диагностикалауға бағытталған жаңа функционал іске қосылды. 25 жылғы қыркүйек айынан бастап кезең-кезеңімен 8 мыңға жуық мектептің 100 мың оқушысын мансап компасының кәсіби диагностикалауға бағытталған жаңа функционалымен қамту жоспарлануда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz