RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте қаржы пирамидасы әшкереленді

25.07.2025, 19:15 469

Шымкентте қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді.

Тергеу деректеріне сүйенсек, «Mooni Gold» компаниясының өкілдері өздерін зергерлік бұйым сататын мекеме ретінде көрсетіп, азаматтарды 5 ай бойы алдап келген. Салым сомасының 20-30 пайызын ай сайын қайтарып, негізгі қаражаттың сақталуына кепілдік береміз деп құрғақ уәде берген. Осылайша салымшылардың дені үйлері мен көліктерін кепілге қойып, несие рәсімдей отырып, компанияға ауқымды сома аударған. Алайда төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асқан. Ақыры аяғында қаржы пирамидасына қатысушылар саны мыңнан асып, келтірілген шығын көлемі 500 миллион теңгеден асты. Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 280 млн теңге болатын элиталық үй мен автокөлік сатып алған. Қазір мүлікке сот шешімімен тыйым салынды. Ал тінту кезінде 15 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша және құны 28 миллион теңгеден асатын 70-ке жуық түрлі алтын бұйым тәркіленді.

Салтанат Көшербаева, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының басшысы:

"Зардап шеккендердің бірі зейнеткер әйел, ол пәтерін кепілге қойып, ұйымдастырушыларға 67 млн теңге берген. Сонымен қатар күдіктілер салымшыларды дроппер ретінде пайдаланған. Яғни, басқа қатысушылардан түскен қаражатты өзге салымшылардың банк шоттары арқылы қолма қол ақшаға айналдырған. Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді".

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz