Көкшетауда жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген жүргізушілер жауапқа тартылды.
Заңбұзушылықтар қала көшелерінде арнайы ұйымдастырылған рейд кезінде анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, кейбір қала тұрғындары реанимобильдерге жол бермей жатады. Соның салдарынан жедел жәрдем науқастарға кешігіп барады. Сондықтан бұл рейд жолда тәртіп және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндейді.
Жәнібек Шәкіров, патрульдік полиция батальонының инспекторы:
– Жедел жәрдем көліктері сіздің жақындарыңызға көмекке асығып келе жатуы мүмкін немесе ол жерде науқастар да ауруханаға апара жатыр. Сондықтан реанимобильдерге жол беру бұл өте маңызды. Тек бүгінгі күні үш жүргізушіге айыппұл салынды.
Азамат Қожахметов, облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары:
– Өкінішке қарай, бүгінде бізге жол бермейтін жүргізушілер кездесіп жатады. Кейде әдейі жолды әдейі кесіп өтеді. Мұндай жағдайлар жол апатына әкелуі мүмкін. Кейін жедел жәрдем жүргізушілерін кінәлайды. Жыл басынан бері бір жол-көлік оқиғасы болды.
Тегтер #24 kz #жаңалықтар #Жедел жәрдем #Көкшетау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz