Перу астанасы Лиманың маңынан түрлі суреттер салынған көне жәдігер табылды.
Болжам бойынша, кескіндер шамамен 4 мың жыл бұрын таңбаланған. Онда балықтар, жұлдыздар мен өсімдік түрлері бейнеленген. Суреттерде сары және көк түстің іздері анық байқалады. Қорғанның ұзындығы шамамен 5 метр. Археологтар бұл олжаны ежелгі өркениетке қатысты тың деректер береді деп үміттенеді.
Тегтер #24 kz #археолог #Перу #жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz