Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды вирустық гепатиттермен күресте Орталық Азия аумағында көшбасшы деп таныды. 2024 жылы елде В және С вирустық гепатитін анықтау үшін 400 мыңға жуық адам тексерістен өткен.
Нәтижесінде "В вирустық гепатиті" диагнозы 5300-ден астам адамға қойылды. Жалпы, мұндай кесел былтыр 33 400 адамнан анықталған. Ал созылмалы С вирустық гепатитімен 36 мыңға жуық адам есепке алынса, оның 8 400-ден астамы – алғаш тіркелгендер. 30 мыңнан астам қазақстандық вирусқа қарсы ем алды. Айта кетейік, 2016 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы С вирустық гепатитін жою бойынша 2030 жылға дейінгі жаһандық бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Орталық Азия мен ТМД елдері аумағында бұл бағдарламаны орындауда біздің ел көш бастады.
Тегтер #Таңдаулы #гепатит #көшбасшыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz