RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстікте 33 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

28.07.2025, 22:00 469

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мақсатсыз пайдаланылған 33 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Оның жалпы қадастрлық құны 30 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Прокурорлардың тексерісі бойынша, кейбір кәсіпкер жерге күтім жасамай, құнарлылығын нашарлатып жіберген. Енді бірі егін екпей, талай жылдан бері саЛықтан жалтарып келген. Енді олар құзырлы органдар алдында жауап береді. Ал қайтарылған жерлер конкурс арқылы, басқа агроқұрылымдарға жалға беріледі.

Ғазиз Сауқамбеков, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры:

- Өңірдегі Ақжар, Есіл, Уәлихан, Тимиряз, Ғабит Мүсірепов аудандарында ұзақ мерзім бойы 46 ауыл шаруашылығы жер аумағы мақсатсыз пайдаланып келген. Жалпы жыл басынан бері осындай 146 мың гектар жер анықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz