RU
Толық нұсқаға өту

Сорбұлақта тікұшақты іздеу операциясы әлі де жалғасып жатыр

29.07.2025, 09:40 476

Сорбұлақ су қоймасы аймағында жоғалған ЕС-145 тікұшағының қалдықтары табылды. Қазір оларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Әуе кемесі 25 шілдеде су қоймасының маңында із-түссіз жоғалып кеткен еді. 

Ұшақты іздестіру жұмысы әлі тоқтаған жоқ. Операцияны жеңілдету мақсатында су қоймасы шартты түрде секторларға бөлінген. 13 суда жүзу құралы жұмылдырылып, су қоймасының түбін тексеруге арнайы техникалар пайдаланып жатыр. Сондай-ақ қосымша бес әскери бөлімнің күш-құралдары тартылды. Операция күрделі гидрография жағдайында өтіп жатқандықтан басқа өңірлерден күш-құрал жеткізілді. Оның ішінде Қонаев қаласынан іздеу бөлімшесі мен Ақтау қаласынан А-400 әскери-көлік ұшағымен жеткен жеке құрам бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz