Түркістан облысында ағын суды заңсыз пайдаланудың 20-дан астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Жергілікті полиция қызметі мен су ресурстарын қорғау инспекциясы жүргізген рейд нәтижесі осындай. Әсіресе Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара аудандары мен Шардара су қоймасы аумағы назарға алынды.
Тексеріс барысында ұзындығы 3,5 шақырымнан, ал тереңдігі 1 метрден асатын қолдан қазылған арық пен бірнеше су сорғыш құрал табылды. Құқық бұзушылар ауыр жүк көліктерінің қозғалтқыштарын пайдалана отырып, сағатына 480 текше метр суды заңсыз иемденген.
Ермек Өсербаев, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Анықталған деректер бойынша жиналған материалдар Арал – Сырдария бассейндік инспекциясына жолданды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 141-бабына сәйкес шара қолданылды. Түркістан облысы Полиция департаментінің мобильді тобы су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерін анықтауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастырады.
Тегтер #Түркістан облысы #Заң мен тәртіп #ағын су #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz