Таразда жыл басынан бері скутер және мопедтердің қатысуымен, 70-тен астам жол апаты болды.
Салдарынан бір адам мерт болып, 60 адам жарақат алды. Олардың ішінде кәмелет жасына толмаған 30-ға жуық жеткіншек бар. Қазір полиция рейдтік шараларды күшейтті. Қала ішінде мопедпен жүрген жастардың көбінде жүргізуші куәлігі жоқ, дейді инспекторлар. Тіпті ішімдік ішіп, рульге отырғандар кездескен. Жол ережесін бұзып, оқиға орнынан қашып кететіндер де бар. Осындай рейдтер кезінде 220 мопед айыппұл тұрағына қойылды.
Рүстем Алтаев, қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:
- Үш күннің ішінде 59 скутер айыптұраққа қойылды. Оның ішінде 72 азаматқа әкімшілік-құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды. 608-бап бойынша жазаға тартылғандар бар. Яғни скутер жүргізу барысында алкогольді ішімдік ішіп алып айдағандар бар.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Тараз #мопед #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz