Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Түркістан облысында ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүріп жатыр.
Үкімет бұл бағытқа Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жобасы қолға алынды. Сонымен қатар Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңге бөлінген еді. Бұл бастама 66 ауылды ауызсу желісімен қамтуға мүмкіндік береді.
Тегтер #қайтарылған активтер #Түркістан облысы #ауыз су #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz