RU
Толық нұсқаға өту

Семейде 6 жағажай абаттандырылады

31.07.2025, 13:50 397

Семейде Ертіс жағасындағы 6 жағажай абаттандырылып, демалушыларға қолайлы жағдай жасалмақ.  Қазір қалада шомылуға рұқсат етілген жағажайлардың біреуі ғана тиісті талапқа сай. Қалғанында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдықтар жоқтың қасы.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары күн сайын рейдке шығып, жағдайды бақылап отырады. Жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Демалушылар көбінде тыйым салынған жерлерге шомылады-дейді жауаптылар. Жалпы, облыс аумағында 192 су айдыны болса, соның 12-сінде ғана жағажай абаттандырылған. Ал 118 орында шомылуға қатаң тыйым салынған.

Темірлан Амантаев, қалалық ТЖ басқармасының аға офицері:

- Ол тексеріс жұмыстарының нәтижелері бізде алынып, жаңағы жергілікті атқару органдарымен бірге тексеріліп, жаңағы жергілікті атқару органдарына болмаса жаңағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жіберілген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz