RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде сауда орындарын сақтандыру міндеттеледі

31.07.2025, 17:15 315

Енді үлкен сауда орындарын сақтандыру міндеттеледі.

Бұл норма ауданы 2 мың шаршы метрден асатын нысандарға қатысты. Жаңа өзгеріс оқыс оқиғалар кезінде ғимаратқа келген шығынды өтеуге мүмкіндік береді. Бұл жайлы бас қалада өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді. Ал құрылыс компаниялары биіктігі 28 метрден асатын нысандарды іске қосу үшін төтеншеліктерден рұқсат алу керек болады. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады. Сондай-ақ өндіріс орындары үшін де жаңа талаптар енгізілді. 

Кеген Тұрсынбаев,  ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Министрлікке қауіпті өндірістік объектілер мен техниканы жаңартудың жиынтық жоспарын келісу беріледі. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін өз меншігінде арнайы ғимараттар мен құрылыстар кешені, оқу-жаттығу полигоны, шаң және газды талдау зертханасы, арнайы техника, аппараттар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талап етіледі. Қауіпті өндірістік объектілерде зиянды факторлардың пайда болуын алдын алу үшін ұйымдарда тікелей басшыға бағынатын жеке өндірістік бақылау қызметін құру міндеті бекітілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz