RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да су тасқынының алдын алуға дайындық басталып кетті

31.07.2025, 17:29 376

Шығыс Қазақстан облысында тасқынның алдын алуға дайындық жұмыстары басталып кетті. 

Қазір Глубокое ауданындағы Глубочанка өзенінің арнасы кеңейтіліп, ағыс жолы тазартылып жатыр. Өйткені осыдан 7 жыл бұрын осы Глубочанка арнасынан асып, Прогресс ауылындағы елу шақты үйді су басып қалған еді. Енді ондаған техника көмегімен асау өзеннің кейбір тұсы тереңдетілді. Жалпы келер көктемдегі тасқын қаупін сейілту мақсатында жаз бойы 26 іс-шара бекітілген.

Амангелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда мына тереңдету жағасын кеңейту, арнасын өзгерту жұмыстары қазіргі таңда жүргізілді. Ол енді мынау алдағы 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықтың алдын алу жұмыстары болып жатыр. Сондықтан мынадай жұмыстар енді облыста қаражат бөлінгеніне қарай бәрі жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz