RU
Толық нұсқаға өту

Ақтаудағы кәсіптік білім беру ұйымдарында «ашық есік күні» өтіп жатыр

31.07.2025, 19:38 480

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Ақтау қаласындағы кәсіптік білім беру ұйымдарында «ашық есік күні» өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты — оқушыларға сұранысқа ие техникалық мамандықтарды  таныстыру, сонымен қатар кәсіби бағдар беру. Жалпы қазір Ақтауда 15 колледж бар. Онда 12 мыңдай студент білім алады. Соңғы жылдары оқу бағдарламасына жаңа кәсіп түрлері енгізілген. Мәселен, биыл 50 баланы «Архитектура» және «Техник-жобалаушы» мамандығына оқыту жоспарланып отыр. Колледж оқытушылары жастарға  ғимараттардың сызбаларын қағазға жобалау әдістерін көрсетіп, олардың шығармашылық қабілеттерін оятуға тырысты.

Арманай Сейдіахметова, оқушы:

- Кішкентай кезімнен бейнелеу өнеріне, сурет салуға, өнеркәсіпке қызығушылығым бар. Бізге өте көп қызықты ақпарат айтты және үйлердің бірінші макет арқылы салынатынын айтты. Макеттердің жасалу жолдарын, қалай жасау керек екенін. Менің болашақ жоспарым - архитектор болып, Қазақстанға өз үлесімді қосу.

Рахия Сатқанбай, арнайы пән оқытушысы:

- Архитектура мамандығына сұраныс өте жоғары. Балалардың қызығушылығы да жоғары. Біздің колледжде осы мамандықты игеруге толық мүмкіндіктер жасалған. Бірінші жұмысшы мамандығы «Графикалық жұмыстарды орындаушы» болып шығады. Ал екіншісі «Архитектураны» толық бітіріп шыққан кезде ол «Техник-жобалаушы» деген мамандығын алып шығады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz