«Үміт әрдайым жанымызда».
Отандық мамандар түсірген жаңа қысқаметражды анимациялық фильм осылай аталды. Таныстырылым бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығында өтті. Тың туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығы дайындаған. Мультфильм ғаламдық жылыну, жануарлар әлемін қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау сынды тақырыптарды қозғайды. Көрсетілімге ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары, шығармашылық топ өкілдері жиылды. Марина, Динара, Дархан, Мұстафа есімді кейіпкерлердің бастан кешкен таңғажайып оқиғаларын баяндайтын анимациялық жоба көрерменге ой салады.
Роза Мұқанова, ұлттық киноны қолдау орталығы сараптама кеңесінің мүшесі, драматург:
- Бізде айтады ғой армандар орындалады деп, біз сол баланың қиялының, арманының шындыққа айналғанын көрдік бүгін. Және бір ерекшелігі Ұлттық кино орталығының жастарды, шығармашылықтарын қолдаудағы ерекше еңбегінің көрінісі деп ойлаймын.
Тегтер #Астана #мультфильм #Мәдениет және ақпарат министрлігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz