RU
Толық нұсқаға өту

Бір айда шекара талаптарын бұзған 4725 адам ұсталды

01.08.2025, 13:12 377

Өткен айда ел шекарасында заң талаптарын бұзған 4700-ден астам адам ұсталды.

Оның көбі - шетелдік. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал кейбір заттарды заңсыз алып өту бойынша 1500-ге жуық дерек тіркелген. Оның ішінде қару мен оқ-дәрілер, діни кітаптар, жанар-жағармай, шетел валютасы және өзге де тауарлар бар. Сонымен қатар Каспий акваториясында 51 браконьерлік дерегі анықталды. Күдіктілерден жүзу құралдары мен тор тәркіленген. Заңсыз әрекеттерге қатысты материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданды, делінген хабарламада.

Шекарада анықталған заңбұзушылықтар

60 дерек – қару мен оқ-дәрі

25 дерек– діни кітаптар

171 дерек –  шетел валютасы

524 дерек – жанар-жағармай

682 дерек – өзге тауарлар  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz