Жарты миллион балаға оқуға қажетті құрал-жабдық, киім-кешек алуға көмек көрсетіледі.
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры осылайша оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға жәрдемдеседі. Қор жылдағыдай жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қолдау көрсетіп отыр. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жанұялар да шет қалмайды. Қаржы ата-аналардың есепшотына аударылады. Биыл бір балаға берілетін ең төменгі сома – 46 228 теңге. Игі шара республиканың барлық өңірінде іске асырылуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #балалар #мектеп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz