RU
Толық нұсқаға өту

Биыл жазда Қапшағайға 1,5 миллионнан астам турист келді

01.08.2025, 23:44 530

Осы жазда Қапшағай су қоймасының жағажайларына бір жарым миллионнан астам турист келді, деп хабарлайды 24kz.

Ең көп шоғырланатын жағажайларда 30-ға жуық адам кезекшілік етеді. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен тазалық мекемесінің мамандары бар. Адам көп болған күндері жағажай аумағынан үш тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Төтенше жағдай болғанда шұғыл әрекет ету үшін жылжымалы медициналық пункттер құрылған. Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері уәкілетті органдармен туристік аймақтарға экологиялық мониторинг жүргізді. Тексерулер барысында көрсетілетін қызмет сапасының жай-күйі, қауіпсіздік шаралары мен демалыс орындарының санитарлық жағдайы көтерілді.

Қазыбек Дәуітәлиев, Алматы облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Қазақстан бойынша жазда туристік маусым басталады. Сол маусым кезінде жағажайлардың санитарлық талаптарға сәйкес келуі, басқа да қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келуі көп ретте ақсап жатады. Бұл туралы сын айтылды. Біз өзіміз де келіп, көзбен көріп кеткен дүниемізді жүйелі түрде бақылауға аламыз. Қағазға түртіп, ұсыныс түрінде енгіземіз. Сондықтан бұл біздің де бақылауымызда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz