Атырау облысына биыл 605 мың тонна қысқы мал азығы керек. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазір қажетті қордың 41%-і дайындалды.
Сонымен қатар 44 мың тоннадан аса құрама жем керек. Ол көршілес Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан тасымалданады. Бұған қоса, 3 мың тонна сүрлем әзірлеу жоспарланып отыр.
Жасұлан Сұлтанғалиев, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Мал азығын дайындау кезеңі қазан айына дейін жүргізіледі. Облыс бойынша 90-ға жуық ірі шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер мал азығын дайындауға қатынасуда. Мал азығы, әсіресе, Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой, Атырау қаласы, осы аудандарда дайындалуда.
Тегтер #Атырау облысы #мал шаруашылығы #жем шөпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz