Атырау облысына биыл 605 мың тонна қысқы мал азығы керек.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, қазір қажетті қордың 41 пайызы дайындалды. Малға шөптен бөлек 44 мың тоннадан аса құрама жем керек. Бұл азық көршілес Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан жеткізіледі. Бұған қоса 3 мың тонна сүрлем әзірлеу жоспары бар.
Жасұлан Сұлтанғалиев, ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Мал азығын дайындау кезеңі қазан айына дейін жүргізіледі. Облыс бойынша 90-ға жуық ірі шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер мал азығын дайындауға қатынасуда. Мал азығы әсіресе, Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой, Атырау қаласы, осы аудандарда дайындалуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ауыл шаруашылығы #мал шаруашылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz