RU
Толық нұсқаға өту

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

04.08.2025, 09:35 3505

Елдегі білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы басталды.

Енді грант иегерлерінің тізімі 10-шы тамызға дейін жарияланады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, грант конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық талапкер өтінім білдірген. Олардың басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс» пен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығын таңдапты. Іріктеудің қорытындысын министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады. Ал жалпы жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz