Ақмола облысында Жабай және Қалқұтан өзендері тазаланып жатыр.
Себебі екі өзен де көктем сайын арнасынан асып, маңындағы ауылдарға қауіп төндіреді. Қазір түбі тереңдетіліп, жағасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оған қажетті қаржы қоғамдық қор есебінен бөлінді. Қалқұтан өзеніндегі тазалау жұмыстары жақында аяқталады. Ал Жабай өзенінің түбін арнайы жер қазақтын техникамен 10 метрге дейін тереңдетіп, 7 шақырымға дейін тазалау көзделіп отыр.
Владислав Гаевский, мердігер мекеменің бас инженері:
- Қазір өзенді тазалау жұмыстарына 12 техника жұмылдырылды. Оның 10-ы экскаватор болса, екеуі жер сорғыш қазатын техника. Бұл техниканың көмегімен өзен түбіндегі барлық күл-қоқыстан бөлек, үлкен тастар мен қамыстарды сыртқа шығарып жатырмыз. Барлық жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #Ақмола #экология #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz