RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада жасыл желекті суару жүйесі автоматтандырылды

04.08.2025, 19:44 377

Қызылорда қаласындағы жасыл желек тек түнде ғана суарылады, деп хабарлайды 24kz.

Аптап ыстық салдарынан мамандар осындай әдіске көшті. Бірақ ол үшін қол күші қажет емес. Барлық жұмыс автоматтандырылған «ақылды» жүйе арқылы атқарылады. Жаңа әдістің тиімділігі неде?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Мамандардың айтуынша, қаладағы кейбір көшеттің тез қурап кетуі аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты. Жаз айларындағы аптап ыстық өсімдіктің бой алып кетуіне айтарлықтай кедергі болады. Топырақтың ылғалы азайып, тал-теректің тамыры нәр алмайды.

Самалбек Қосанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

- Ағаштарды егіп кетеді де кейіннен су жүргізу мәселесін кейінге қалдырып қояды. Біздің ойымызша, ол керісінше. Бірінші кезекте суды жүргізіп алу керек, содан кейін екінші кезекте ағаш егу мәселесін қарастыру керек. Ол уақытша қолдап суару деген сияқты мәселелерді біз қоюымыз керек.

Зиянкестер де жасыл желектің жауы. Уақытылы дәрілеп, дәруменін сеуіп тұрмаса, ыстық күндері шыбық көктету қиын екенін агрономдар да растайды.

Алмас Дүтбаев, агроном:

- Шындығын айтсам, көп жерде осындай талдар ауырып жатыр. Соған осындай іс шаралар жүріп жатыр. Бұл бүгін жүрсе, он күннен кейін қайталап тағы жүргізілу керек. Өйткені ол жәндіктердің бойына дәрі тиюі керек. Өңдеу жұмыстары жасалмаса, талдың бәрі өледі.

Түйіткілдің түйінін тарқату үшін қаладағы жасыл желекті суару әдісі өзгерді. Енді бұл жұмыстар бұрынғыдай күндіз емес, түнде атқарылатын болды. Ол үшін арнайы жұмыс күші қажет емес. Барлығы автоматтандырылған ақылды жүйеге жүктелген.

Жеңісбек Файзуллаев, қалалық ткш бөлімінің басшысы:

- Скверлерде, «Сыр анада», Назарбаев даңғылының бойында, сол жағлаудағы барлығы қазір автополив. Бұл өзінің уақытымен, кешкі сағат 7-ден таңғы төртке дейін бес мезгіл. Күндіз ешқайсысын суармаймыз. Өзінің уақытымен беріліп отыр. Қаланы кешкі мезгілде аралап көрсеңіздер осыны байқауға болады. Қаланың барлығын көгалдандыруды көбейту үшін, жасыл аймақты көбейту үшін осы жүйені қалаға жаппай орнатып жатырмыз.

Қаланың арық жүйелері үш магистральды канал арқылы суландырылуда. Ол үшін 24 су айдау құрылғысы іске қосылған. Бұдан бөлек, үш даңғыл бойындағы 7 мың көшет тамшылатып суару арқылы өсіріліп жатыр. Ал жеті скверге автоматты суару жүйесі енгізілген. «Алдағы 5 жылда қаланы толықтай автоматты суару жүйесіне қосу жоспарланып отыр», - дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Байділдаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz