RU
Толық нұсқаға өту

Бағдаршамдарды ақылды жүйе бақылайды

05.08.2025, 07:11 421

Адамзат ақыл-ойының жемісі - жаңа технологиялар.

Астанадағы бағдаршамдардың да тең жартысы яғни 50 пайызы «ақылды бағдаршамдар». Олар көлік қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап, көлік ағынына қарай сигналдарын реттеп отырады. Қалада 728 бағдаршам орнатылса, оның жартысынан астамы интеллектуалды жүйеге көшкен. Мұнда арнайы сенсорлар мен бейнекамералар арқылы қиылыстардың жүктемесін орталық серверге жеткізеді. Жаяу жүргінші түймесін басу арқылы мүгедектерге де жолдан өтуге көбірек уақыт қарастырылған.

Әділжан Орынбасаров, “КАЖ Сервис” ЖШС Ақмола облысы филиалының 2-жол пайдалану бөлімінің басшысы:

- Бұрынғы бағдаршамдардың уақыты болатын. Ішінде таймермен ауысып отырады. Қызылға, сарыға, жасылға. Қазіргі уақытта интеллектуальный светофорлар пайда болды. Қазір қаланың ішінде өзіңіз білесіз ғой қаланың ішінде машиналар көбейіп жатыр. Кейбір көшелердегі жол қозғалысы көптеу болады. 5 мың машина өтетін, 10мың машина өтетін жолдар болады. Соған байланысты машиналардың көп келетін жағына уақытын ұзартады. Интеллектуальный жүйе соны ұзартып, пассажирный көп жүретін жерге уақытын ұзартады. Аздау жүретін жерге аздау уақыт қойылады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz