Ақмола облысында жыл басынан бері 2 ауылға табиғи газ тартылды.
Осылайша 4 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтылды. Әсіресе газдандыру жұмысы елорда маңындағы ауылдарда қарқын алды. Жобаға Аршалы мен Целиноград ауданынан бөлек Қосшы қаласы да енді. Қазір Астананың іргесіндегі 11 елді мекенге газ құбыры тартылып жатыр. Биыл өңірде газдандыру жұмыстарына 15 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Жалпы қазір аймақта 19 ауыл табиғи газбен қамтылған. Онда 50 мыңнан астам тұрғын бар.
Жасқайрат Садықов, облыстық энергетика және ТКШ Басқармасының бөлім басшысы:
- Жыл соңына дейін Целиноград ауданына қарасты Аққайың, Қоянды, Алтынсарин, Талапкер, Қызылсуат, Қаражар ауылдарына және Қосшы қаласы мен Аршалы ауданының бірнеше елді мекеніне газ тартылады. Осылайша 70 мыңнан астам адам көгілдір отынмен қамтылады. Ал «Сарыарқа» магистральді газ құбырын тартудың 2 және 3 кезеңі 2028 жылға жоспарланып отыр.
Тегтер #елорда #газ тарату #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz