RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытауда жылу беру маусымына дайындық 65% орындалды

05.08.2025, 12:20 370

Ұлытау облысында жылу беру маусымына дайындық 65 пайызға орындалды. Биыл бұл жұмыстарға 36 млрд теңге бөлінді.  

Энергия көздерінің негізгі жабдықтары мен мың шақырымға жуық инженерлік желіге  жөндеу жүргізілді. Жауапты кезеңге дайындық барысымен сенаторлар - Серік Шайдаров және Советбек Медебаев танысты. Олар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен және жергілікті депутаттармен кездесіп, облыстағы өзекті мәселелерді бірге талқылады. Өңірдің экологиялық ахуалы, сапалы ауызсумен қамту және республикалық жолдардың жай-күйі туралы жауапты мамандардың есебін тыңдады.

Советбек Медебаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жұмыстар істеліп жатыр. Мысалы бүгін біз Жезқазған қаласындағы жылу орталығында көптеген жұмыстар істеліпті. Сәтбаев қаласында өздеріңіз білесіздер былтыр қардың бәрі қап-қара болатын. Енді бүгін өз көзімізбен көрдік, сол жерлерге фильтр орнатылып жатыр. Ол дегеніңіз келешекте ауаға кір тарамайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz