RU
Толық нұсқаға өту

Балқаш ауданында Топар мен Тентек өзендерінің арнасы тазартылып жатыр

05.08.2025, 17:33 412

Алматы облысының Балқаш ауданында Топар мен Тентек өзендерінің арнасы тазартылып жатыр.  

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 420 млн теңге бөлінді. 3-4 жыл бұрын Топар өзені тартылып қалған еді. Ерте көктемде өзеннің 15 шақырымы   қамыс, балдыр мен балшықтан тазартылды. Қазір Тентек өзенінің  17 шақырым арнасы механикалық тазалаудан өтіп жатыр. Соңғы екі жылда  Қапшағайға су мол жиналды. Іле өзеніне секундына 600-700 текше метр су жіберіліп, нәтижесінде Желтораңғы, Топар, Бала Топар ауылдарындағы мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар судан тапшылық көрмеді. Ендігі мақсат – Іле өзенінен бөлініп шыққан шағын өзендер мен өзектердегі суды Балқашқа ысырапсыз жеткізу.

Нұрайдар Битанов, учаске басшысы:

- Қарқын жақсы, арасында осындай қиналыстар болады. Жердің батпағы қиындық туғызады. Жаңа өздеріңіз көріп жатырсыздар, екі бульдозерді зорға шығарып жатырмыз. Трактор да батып кеткен батпаққа. Күнделікті бір трактор 150 метр жүреді. Сонда екі трактор 300 метр жүреді ғой. Алла бұйыртса, қараша айында бітіп қалуы керек.

Қуат Нұрқожаев, Топар ауылдық округінің әкімі:

- Тұрғындардың негізгі жұмысы мал шаруашылығы болғаннан кейін суғару және флора мен фаунаны ұстап тұру ғой. Екінші мақсаты - өзектердің барлығын Балқаш көліне жеткізу. Балқаш көлін сақтап қалуымыз керек болып тұр. Қазір өздеріңіз білесіздер, судың деңгейі түсіп жатыр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz