RU
Толық нұсқаға өту

Абайдың ескі 2 жинағы қайта басылды

05.08.2025, 20:00 351

Қызылордада Абайдың ескі араб қарпімен жазылған екі жинағы кириллицамен қайта басылды.

Өлкентанушы Жұмабай Әубәкірдің айтуынша, кітаптың бірі 1909 жылы Санкт-Петербург баспасынан шыққан. Онда ақынның он жеті бөлімнен тұратын  140 өлеңі мен аудармалары және «Ескендір», «Масғұт» поемалары қамтылған.  Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында ұзақ жыл бойы зерттелмей жатқан Абайдың тағы бір кітабын 1982 жылы Мыната Қалдыбаев деген кісі өткізген. Кітаптың бірнеше беті жоғалған. Шығарма төте жазу әліпбиіне дейінгі ескі араб әрпімен жазылғаны оқуды қиындатқан. Екі жинақты да кирилл әрпімен оқуға оңтайлы етіп ұсынып отырмыз,- дейді мамандар.

Жұмабай Әубәкір, өлкетанушы:

- 106 беттен тұратын бұның ерекшелігі - Кәкітайдың Абайдың өмірбаянын өзі жазуы және Абайдың өзінің суретінің басылғаны. Абайдың өзінің айтатыны, «атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ» деп, өзінің туған бауыры, інісі Ысқақтың баласының, яғни өз баласы есебі ғой. Соны жинақтап, соның жазған өмірбаянымен басылған. Абайдың рухы, Абайдың бүкіл болмысы осы кітапта сақталған деп айтуға болады. Сондықтан осынысымен бұл кітап құнды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz