Шымкенттегі Ақжар су қоймасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Құрылыс жобасына сәйкес, гидротехникалық нысанның бөгеті толық жаңғыртылып, табанына механикалық тазалау жүргізілді. Су өткізу торабы ауыстырылып, қосымша авариялық канал қазылды. Ірі нысанды жаңғыртуға, қалаллық бюджеттен 516 млн теңге бөлінді. Мердігерлер барлық жұмысты уақытынан бұрын 5 ай ішінде аяқтады. Осылайша су қоймасының сыйымдылығы 723 мың текше метрге ұлғайды.
Әбілқайыр Оңғар, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы:
- Ақжар су қоймасы 1980 жылы пайдалануға беріліп, осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарының арқасында біз тек қана су қабылдау көлемін ұлғайтып қана қоймай, сол жерге жақын орналасқан Ақжар тұрғын алабын су шайып кету қаупін алдын алдық десек толық болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #суPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz